
Сүмбеде Халықаралық әйелдер күні ерекше аталып өтті
Ағымдағы жылдың 5 наурыз күні Сүмбе орта мектебінің мәжіліс залында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік іс-шара өтті.
Ауылымыздың азаматы Аманжол Рысмендиевтің демеушілігімен ұйымдастырылған кеште нәзік жандыларға ерекше көңіл-күй сыйланды. Кеш барысында «Алатау серілері» тобы ұлттық өнерімізді насихаттап, көрермендерге әсерлі ән-күй тарту етті. Сонымен қатар айтыскер ақындар Жандарбек Булғаков пен Сырым Асылханұлының өнері кештің сәнін келтірді.
Іс-шара аясында Аманжол Рысмендиев өз ұстазына ерекше құрмет көрсетіп, автокөлік сыйға тартты. Бұл игі іс көпшілік тарапынан жоғары бағаланып, жас ұрпаққа үлгі болды.
Мерекелік кеш аналарымыз бен қыз-келіншектерімізге арналып, жылы лебіздер мен көтеріңкі көңіл-күйге толы болды. Көктемнің шуақты мерекесі барша қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
Барша нәзік жандыларды мерекелерімен құттықтаймыз!