
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Сүмбе ауылдық округінде тағылымы мол, мазмұнды кездесу өтті.
Кездесуге ауылымызда тату-тәтті өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдері қатысып, өз ұлттарының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен ұлттық ерекшеліктері жайында әңгіме өрбітті. Әр ұлттың мәдениеті мен рухани құндылықтары таныстырылып, қатысушылар өзара пікір алмасып, достық пен сыйластықтың маңызын кеңінен сөз етті.
Мазмұнды кездесудің басты мақсаты – ел бірлігін нығайту, ұлттар арасындағы татулықты дәріптеу және ортақ құндылықтарды насихаттау болды.
Берекелі басқосу көпшілікке жылы әсер сыйлап, бірлік пен татулықтың қадірін тереңірек ұғындырған тағылымды кездесу болды.