
18.07.2025ж. «АТАМЕКЕН» ҰКП Шымкент қаласының өңірлік кәсіпкерлік палатасының мәжіліс залында бақылаудағы сауда орталықтарының, базарлардың, базарлардағы токсикологиялық зертхана өкілдерінің, Шымкент қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысының орынбасары, мамандары мен департаменттің аумақтық басқармаларының мамандарының қатысуымен семинар өткізілді.
Семинарда азық-түлік өнімдерін дара және көтерме саудамен айналысатын сауда нысандарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мен жеміс-жидек, бақша өнімдерінің құрамындағы нитрат қалдықтарын, яғни қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуы және т.б.талаптары түсіндірілді.