Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес 2025 жылдың 14 тамызында сағат 10:00-де Державин қаласында Жарқайың аудандық мәслихатының 8 шақырылымның кезектен тыс 56 сессиясының өтетіні туралы хабарлаймын. Сессияда « Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 шілдедегі № 7С-11/4 «Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы » мәселесі қаралатын болады.
Сессия Фейсбук әлеуметтік желіде тікелей эфирде көрсетіледі.
Көру сілтемесі: https://www.facebook.com/profile.php?id=100024138882090 Депутаттардың келуі мен тіркелуі осы жылдың 14 тамызында сағат 09:30-да жүргізіледі.
Жарқайың аудандық мәслихаты төрағасы |
А.Әлжанов |