Құрметті аудан тұрғындары!

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Құрметті аудан тұрғындары!
    ПоздравлениеАяқталды

    Сіздерді еліміздің ең басты мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен, сондай-ақ Ата Заңымыздың 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! 1995 жылы бүкіл халықтық референдум арқылы қабылданған Конституция – егемендігіміздің берік тірегі, ел бірлігі мен тұрақтылығының негізі. Ата Заңымыздың арқасында елімізде құқықтық мемлекет құрылып, азаматтардың құқығы мен бостандығы, бейбітшілік пен келісім, тұрақты даму жолы қамтамасыз етілді.

    Бүгінде Мәртөк ауданы да осы Конституциялық қағидаттарға сүйене отырып, өсіп-өркендеп келеді. Тұрғындардың бірлігі мен татулығы, қоғамдық келісім – біздің басты байлығымыз. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жасампаз еңбектеріңізге табыс тілеймін! Ата Заңымыздың рухы әрдайым жол көрсетіп, елімізді биік белестерге бастай берсін!

    Ізгі тілекпен, Медет Ысқақов, Мәртөк ауданының әкімі

    Ұқсас материалдар

    ПоздравлениеАяқталды

    🔹️Аудан әкімі Медет Ысқақовтың Жеңіс күніне арналған құттықтауы

    Қымбатты аудан тұрғындары! 9 мамыр – адамзат тарихындағы өшпес ерліктің, қажымас қайрат пен асқақ рухтың символы. Бұл күн – миллиондаған тағдырдың қанымен, тылдағы тынымсыз еңбектің терімен келген Ұлы Жеңістің мерекесі. Біз үшін бұл күннің мәні де, салмағы да ерекше. Мәртөк топырағынан шайқас алаңына аттанған үш мыңға жуық батырларымыздың жартысы туған жерге оралмай, ерлікпен қаза тапты. Мыңнан астам жерлесіміз қан майдандағы ерлігі үшін мемлекеттік марапаттарға ие болса, арамыздан шыққан бес бірдей Кеңес Одағының Батыры – біздің ауданымыздың мәңгілік мақтанышы болып қалмақ. Бүгінгі бейбіт аспан мен жарқын болашақ – сол сұрапыл жылдарда Отанды қорғаған аталарымыз бен тылда еңбек еткен аналарымыздың бізге қалдырған аманаты. Олардың жанкештілігі бізді әрқашан бірлікке, татулыққа және елге адал қызмет етуге шақырады. Осынау ынтымақты сақтау – біздің қасиетті парызымыз. Баршаңызды Жеңіс күнімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін! Еліміз тыныш, іргеміз бүтін болсын!

    9 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ПоздравлениеАяқталды

    Құрметті Мәртөк ауданының тұрғындары!

    Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын! Бұл мереке – елдің егемендігін көздің қарашығындай сақтап, тыныштығымызды күзеткен айбынды батырларымыздың төл мерекесі. Бұл күн тек әскери қызметшілердің ғана емес, Отанына адал қызмет етуді перзенттік парызы санаған әрбір азаматтың мерекесі. Бүгінгі бейбіт күннің бағасын біліп, еліміздің гүлденуіне үлес қосып жүрген барша азаматтарға алғыс айтамын. Отанымыздың қорғаны әрдайым берік, аспанымыз әрқашан ашық болсын! Құрметпен, Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақов

    7 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ПоздравлениеАяқталды

    💐Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақовтың 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

    Құрметті аяулы аналар, ардақты қыз-келіншектер! Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әйел – өмірдің бастауы, отбасының ұйытқысы, ұлт тәрбиесінің алтын діңгегі. Қазақ халқы қашанда ананы ардақтап, әйелді құрмет тұтқан. Тарихымызда ел бірлігі мен ұрпақ тәрбиесіне үлес қосқан Домалақ ана, Айғаным, Бопай ханым сияқты дана аналардың өнегелі жолы бүгінгі ұрпаққа үлгі болып келеді. Бүгінде ауданымыздың қоғамдық өмірінде әйелдердің орны ерекше. Сіздер білім беру, медицина, мәдениет, кәсіпкерлік, мемлекеттік қызмет және қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып, ел дамуына лайықты үлес қосып келесіздер. Отбасында мейірімді ана, ақылшы жар болсаңыздар, қоғамда жауапкершілігі жоғары азамат ретінде ел игілігі жолында еңбек етіп жүрсіздер. Мемлекетімізде әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше мән беріліп келеді. Жаңа Конституциямызда да отбасы құндылықтары, ер мен әйелдің теңдігі, әр азаматтың құқығы мен қадір-қасиетін қорғау қағидаттары айқын көрініс тапқан. Бұл – қоғамдағы әділдік пен үйлесімділіктің, тұрақтылық пен дамудың берік негізі. Қадірлі аналар мен қыз-келіншектер! Сіздерге зор денсаулық, отбасы амандығын, бақыт пен береке тілеймін. Әр шаңырақта қуаныш пен шаттық орнап, еңбектеріңіз әрдайым ел игілігіне қызмет ете берсін!

    8 наурыз 2026 ж.Тікелей
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.