🔹️Аудан әкімі Медет Ысқақовтың Жеңіс күніне арналған құттықтауы
Қымбатты аудан тұрғындары! 9 мамыр – адамзат тарихындағы өшпес ерліктің, қажымас қайрат пен асқақ рухтың символы. Бұл күн – миллиондаған тағдырдың қанымен, тылдағы тынымсыз еңбектің терімен келген Ұлы Жеңістің мерекесі. Біз үшін бұл күннің мәні де, салмағы да ерекше. Мәртөк топырағынан шайқас алаңына аттанған үш мыңға жуық батырларымыздың жартысы туған жерге оралмай, ерлікпен қаза тапты. Мыңнан астам жерлесіміз қан майдандағы ерлігі үшін мемлекеттік марапаттарға ие болса, арамыздан шыққан бес бірдей Кеңес Одағының Батыры – біздің ауданымыздың мәңгілік мақтанышы болып қалмақ. Бүгінгі бейбіт аспан мен жарқын болашақ – сол сұрапыл жылдарда Отанды қорғаған аталарымыз бен тылда еңбек еткен аналарымыздың бізге қалдырған аманаты. Олардың жанкештілігі бізді әрқашан бірлікке, татулыққа және елге адал қызмет етуге шақырады. Осынау ынтымақты сақтау – біздің қасиетті парызымыз. Баршаңызды Жеңіс күнімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін! Еліміз тыныш, іргеміз бүтін болсын!
