
2025 жылғы 26 қыркүйекте Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Алматы қаласының еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізеді.
📌 Іс-шараның мақсаты – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасында тікелей өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ жастар мен жұмыс іздеп жүрген азаматтар арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттау.
🔹 Жәрмеңке қатысушыларына ұсынылады:
- өзекті бос жұмыс орындары және еңбек жағдайларымен танысу;
- жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасу мүмкіндігі;
- жұмыспен қамту мәселелері бойынша, соның ішінде Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірлерінен солтүстік өңірлерге ерікті қоныс аудару бойынша мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде Орталық мамандарынан кеңес алу.
👥 Іс-шараға жұмыс іздеуші азаматтар мен білікті кадрларды іздестіріп жүрген жұмыс берушілер шақырылады.
📍 Өтетін орны: Арбат (Жібек жолы және Панфилов көшелерінің қиылысы), Алмалы ауданы, Алматы қаласы
🕒 Іс-шара кестесі:
– Қатысушыларды тіркеу: 14:00 бастап
– Басталуы: 15:00
– Аяқталуы: 17:00
Ұйымдастырушылар жәрмеңке – жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін, кәсіби дағдыларды дамытуға мүмкіндік беретін және лайықты жұмыс табуға көмектесетін тиімді алаң болады деп сенеді.
Анықтама үшін байланыс тұлғасы:
Алматы қаласының еңбек мобильділігі орталығы
📞 Тел.: +7 (701) 352-48-73
👤 Жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің басшысы
✉️ E-mail: [email protected]