
Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қызметкерлері ақын, ағартушы және ойшыл Мағжан Жұмабаевтың мұрасын зерттеу орталығын аралады. Іс-шара мемлекеттік қызметшілердің рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайтуға, патриоттық сезімдерін күшейтуге және жоғары қызметтік мәдениетті қалыптастыруға бағытталды. Мағжан Жұмабаевтың шығармалары тәуелсіздік, әділдік, ізгілік, Отанға сүйіспеншілік және білімнің маңыздылығы сияқты идеяларды дәріптейді. Бұл құндылықтар мемлекеттік органдардың миссиясымен үндесіп, қызметкерлердің күнделікті жұмысына моральдық бағдар береді.