
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5-тармағына сәйкес, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Департамент қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері бойынша жария талқылау өткізу жоспарлануда.
Күні: 2025 жылғы 25 шілде
Уақыты: 15:00
Өтетін орны: Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 112А, 106-кабинет
Жария талқылау Instagram әлеуметтік желісіндегі Департаменттің ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі.
Instagram тікелей эфир сілтемесін алу үшін мына телефон нөмеріне хабарласуға болады: +7 705 383 31 25.