
2025 жылғы 12 тамызда Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаменті басшысының орынбасары Т. А. Әділбекованың төрағалығымен Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы мен қоғамдық кеңесі өкілдерінің қатысуымен республикалық меншіктегі объектілерді жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» қаулысының 15-тармағы 5-тармақшасымен айқындалған уәкілеттікке сәйкес тәуелсіз бағалаушымен ұсынылған жекешелендіру объектілерінің бағалау есептері негізінде жекешелендіру объектілерінің алғашқы бағасын белгілеу жөнінде шешім қабылдады.