
23 маусымда Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде мерекелік іс-шара өткізілді.
Салтанатты жиын барысында ҚР Қаржы министрі Мади Такиев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтап, олардың ел мүддесі жолындағы адал еңбегіне алғыс білдірді.
Мереке аясында бірқатар үздік қызметкерлерге мемлекеттік және ведомстволық марапаттар табысталды.
Салтанатты рәсімнен кейін жас өнерпаздардың қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Талантты жастар әсем әндер орындап, күй тартты.