
Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілі 2025 жылғы 3 қараша күні өткен «Құқығыңды біл және қорға!» атты аймақтық құқықтық форум-ойынға қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысты. Іс-шараны Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті ұйымдастырды.
Форум-ойын жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, адам құқықтарын қорғауға және зияткерлік меншік құқығын тану мен қорғау мәдениетін дамытуға арналды. Студенттік командалар құқық саласындағы білімдерін, креативті ойлау қабілеттерін және командалық жұмыс дағдыларын көрсетті.
БҚО Экономикалық тергеулер департаменті өкілінің қазылар құрамындағы қатысуы мемлекеттік органдардың ынтымақтастығын нығайтып, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мен зияткерлік құқықтарды қорғаудың маңыздылығын атап өтті.