
Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Кенжебаев Ж.С. өңір тұрғындарына тегін құқықтық көмек көрсетуге бағытталған «Халық заңгері» республикалық акциясына қатысты.
Іс-шара барысында құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері, жетекші заңгерлер мен адвокаттар азаматтарға түрлі құқықтық мәселелер бойынша кеңес берді. Әрбір ниет білдіруші білікті құқықтық көмек алу мүмкіндігіне ие болды.
СЭР қызметкерлерінің қатысуы халық пен мемлекеттік құрылымдар арасындағы ашық диалогты нығайтып, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етті.