
Х А Б А Р Л А М А
Жалағаш аудандық мәслихатының кезекті 39-сессиясын
шақыру туралы
Сегізінші шақырылған Жалағаш аудандық мәслихатының кезекті 39-сессиясы 2026 жылғы 18 ақпанда сағат 11:00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында ашылады.
Сессияның күн тәртібіне мына мәселелер ұсынылады:
- Жалағаш ауданы бойынша жер қатынастарын реттеу мәселелері жөніндегі заңнамалардың орындалу барысы туралы.
- Жалағаш ауданында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыру барысы туралы.
- Қосымша мәселелер.
2026 жылғы 18 ақпанда сағат 10:30-да тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өткізіледі.
Сессия отырысы «Facebook» әлеуметтік желісіндегі Жалағаш аудандық мәслихат аппаратының парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі.