
Х А Б А Р Л А М А
Жалағаш аудандық мәслихатының кезекті 43-сессиясын
шақыру туралы
Сегізінші шақырылған Жалағаш аудандық мәслихатының кезекті 43-сессиясы 2026 жылғы 20 мамырда сағат 11:00-де аудандық мәслихаттың мәжіліс залында ашылады.
Сессияның күн тәртібіне мына мәселелер ұсынылады:
- 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің және кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
- Жалағаш ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы.
- «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Жалағаш аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №37-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Сессия отырысы «Facebook» әлеуметтік желісіндегі Жалағаш аудандық мәслихат аппаратының парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі.