
Х А Б А Р Л А М А
Жалағаш аудандық мәслихатының кезектен тыс 42-сессиясын
шақыру туралы
Сегізінші шақырылған Жалағаш аудандық мәслихатының кезектен тыс 42-сессиясы 2026 жылғы 29 сәуірде сағат 10:00-де аудандық мәслихаттың мәжіліс залында ашылады.
Сессияның күн тәртібіне мына мәселелер ұсынылады:
- «Жалағаш ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жалағаш аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 7-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Қосымша мәселелер.
2026 жылғы 29 сәуірде сағат 09:30-да тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өткізіледі.
Сессия отырысы «Facebook» әлеуметтік желісіндегі Жалағаш аудандық мәслихат аппаратының парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі.