
2026 жылдың 27 ақпанда әлеуметтік желілерде тікелей онлайн-эфирлер өткізудің бекітілген кестесіне сәйкес, Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы С.Г. Калышев халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Онлайн-эфир барысында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексінің «Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияны құру тәртібі және оның құрамы» 188 бабы бойынша түсініктемелер берілді.