ОНЛАЙН-ЭФИР: ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ ҮЛГІЛІК ЕҢБЕК ШАРТТАРЫН ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ НОРМАЛАРЫН ТҮСІНДІРУ
2026 жылғы 10 маусымда әлеуметтік желілерде тікелей онлайн-эфирлер өткізу жөніндегі бекітілген кестеге сәйкес Қарағанды облысының мемлекеттік еңбек инспекторы Сәкенов А.Б. «Құрылыс саласындағы үлгілік еңбек шарттары» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру онлайн-эфирін өткізді. Эфир барысында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ Еңбек кодексінің еңбек шарттарын жасасу, өзгерту және тоқтату тәртібін реттейтін негізгі ережелері, сондай-ақ құрылыс саласындағы еңбек қатынастарын ресімдеудің ерекшеліктері қарастырылды. Эфир қатысушыларына еңбек шартының мазмұнына қойылатын талаптар, оның міндетті талаптары, тараптардың құқықтары мен міндеттері, жұмыс уақыты мен тынығу уақытын белгілеу тәртібі, еңбекақы төлеу шарттары, сондай-ақ құрылыс объектілерінде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегін реттеудің ерекшеліктері жөнінде түсіндірме берілді. Үлгілік еңбек шарттарын қолдану мәселелеріне, оларды жасасу кезінде заң бұзушылықтарға жол бермеуге және жұмыскерлердің еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Онлайн-эфир барысында тыңдаушылар құрылыс саласындағы жұмыскерлермен еңбек қатынастарын ресімдеу, еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жұмыс берушілердің жауапкершілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жұмыскерлердің құқықтары мен кепілдіктері туралы түсіндірмелер алды. Осындай онлайн-іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, еңбек заңнамасын сақтау мәдениетін қалыптастыруға және құрылыс саласындағы еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіруге ықпал етеді.



