Онлайн-эфир: Еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру
    БейнеконференцияАяқталды

    2026 жылғы 11 наурызда әлеуметтік желілерде тікелей онлайн-эфирлер өткізу бойынша бекітілген кестеге сәйкес Қарағанды облысының мемлекеттік еңбек инспекторы К.С. Сайбекова халықпен «Тәртіптік теріс қылық» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.

    Онлайн-эфир барысында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Еңбек кодексінің тәртіптік теріс қылық ұғымына, қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту негіздеріне, сондай-ақ тәртіптік жазаларды қолдану тәртібіне қатысты негізгі ережелері түсіндірілді.

    Эфир қатысушыларына қызметкерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері туралы толық ақпарат берілді. Осындай онлайн іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы нормаларын түсіндіруге бағытталған.

    Консультация по трудовому законодательству Республики Казахстан

    Ұқсас материалдар

    БейнеконференцияАяқталды

    ОНЛАЙН-ЭФИР: ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ ҮЛГІЛІК ЕҢБЕК ШАРТТАРЫН ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ НОРМАЛАРЫН ТҮСІНДІРУ

    2026 жылғы 10 маусымда әлеуметтік желілерде тікелей онлайн-эфирлер өткізу жөніндегі бекітілген кестеге сәйкес Қарағанды облысының мемлекеттік еңбек инспекторы Сәкенов А.Б. «Құрылыс саласындағы үлгілік еңбек шарттары» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру онлайн-эфирін өткізді. Эфир барысында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ Еңбек кодексінің еңбек шарттарын жасасу, өзгерту және тоқтату тәртібін реттейтін негізгі ережелері, сондай-ақ құрылыс саласындағы еңбек қатынастарын ресімдеудің ерекшеліктері қарастырылды. Эфир қатысушыларына еңбек шартының мазмұнына қойылатын талаптар, оның міндетті талаптары, тараптардың құқықтары мен міндеттері, жұмыс уақыты мен тынығу уақытын белгілеу тәртібі, еңбекақы төлеу шарттары, сондай-ақ құрылыс объектілерінде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегін реттеудің ерекшеліктері жөнінде түсіндірме берілді. Үлгілік еңбек шарттарын қолдану мәселелеріне, оларды жасасу кезінде заң бұзушылықтарға жол бермеуге және жұмыскерлердің еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Онлайн-эфир барысында тыңдаушылар құрылыс саласындағы жұмыскерлермен еңбек қатынастарын ресімдеу, еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жұмыс берушілердің жауапкершілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жұмыскерлердің құқықтары мен кепілдіктері туралы түсіндірмелер алды. Осындай онлайн-іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, еңбек заңнамасын сақтау мәдениетін қалыптастыруға және құрылыс саласындағы еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіруге ықпал етеді.

    БейнеконференцияАяқталды

    Онлайн-эфир: еңбек заңнамасы нормаларын түсіндіру, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру кезіндегі жұмыс берушінің міндеттері мәселелері бойынша

    2026 жылғы 15 мамырда әлеуметтік желілерде тікелей онлайн-эфирлер өткізудің бекітілген кестесіне сәйкес Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы Ж.У. Отиншина «Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру кезіндегі жұмыс берушінің міндеттері» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру эфирін өткізді. Эфир барысында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексінің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және есепке алу тәртібін, сондай-ақ жұмыс берушінің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін реттейтін негізгі ережелері қарастырылды. Эфир қатысушыларына жазатайым оқиға орын алған жағдайда уәкілетті органдарды уақтылы хабардар ету, тергеп-тексеруді ұйымдастыру, тиісті актілерді ресімдеу және осындай оқиғалардың қайталануын болдырмау бойынша шаралар қабылдау жөніндегі заңнама талаптары түсіндірілді. Сондай-ақ тергеп-тексеру комиссиясын құру, тексеру мерзімдері және оқиға мән-жайларын объективті қарауды қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Онлайн-эфир барысында тыңдаушыларға еңбекті қорғау талаптарын бұзғаны үшін жұмыс берушілердің жауапкершілігі және жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі туралы, сондай-ақ қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларына құқығы мен еңбек құқықтарын қорғау тетіктері бойынша ақпарат берілді. Мұндай онлайн іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, еңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруға және еңбек қатынастарын реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы нормаларын түсіндіруге ықпал етеді.

    БейнеконференцияАяқталды

    Онлайн-эфир: Еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру

    2026 жылғы 08 мамырда әлеуметтік желілерде тікелей онлайн-эфирлер өткізу жөніндегі бекітілген кестеге сәйкес Қарағанды облысының мемлекеттік еңбек инспекторы Садыкбекова Д.М. «Еңбек шарттарын еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕБЖ) енгізу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру эфирін өткізді. Эфир барысында 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің негізгі ережелері, сондай-ақ еңбек шарттарын Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркеу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілер қарастырылды. Эфир қатысушыларына еңбек қатынастары туралы мәліметтерді уақытылы енгізу талаптары, ЕШЕБЖ жүйесінде еңбек шарттарын тіркеу, өзгерту және тоқтату тәртібі, сондай-ақ белгіленген талаптарды бұзғаны үшін жұмыс берушілердің жауапкершілігі түсіндірілді. Тыңдаушылар ЕШЕБЖ жүйесімен жұмыс істеу тәртібі, еңбек қатынастарын цифрлық есепке алудың артықшылықтары, сондай-ақ еңбек шарттарын рәсімдеу кезінде жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің құқықтары мен міндеттері туралы толық ақпарат алды. Осындай онлайн-іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және еңбек қатынастарын цифрландыру саласындағы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіруге ықпал етеді.

    БейнеконференцияАяқталды

    Онлайн-эфир: Еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру

    2026 жылғы 31 наурызда әлеуметтік желілерде тікелей онлайн-эфирлер өткізу бойынша бекітілген кестеге сәйкес Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы Пономарева О.А. «Тәртіптік жазалар» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру эфирін өткізді. Эфир барысында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ Еңбек кодексінің қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін реттейтін негізгі нормалары қарастырылды. Қатысушыларға тәртіптік жазаларды қолдану негіздері, олардың түрлері, рәсімдеу тәртібі, сондай-ақ қолдану мерзімдері мен шағымдану мүмкіндіктері түсіндірілді. Тыңдаушылар тәртіптік шараларды қолдану кезінде қызметкерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері туралы толық ақпарат алды. Осындай онлайн-іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіруге ықпал етеді.

    БейнеконференцияАяқталды

    Онлайн-эфир: Еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру

    2026 жылғы 17 наурызда әлеуметтік желілерде тікелей онлайн-эфирлер өткізу бойынша бекітілген кестеге сәйкес Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеуова Э.М. «Жалақыны төлеу тәртібі мен мерзімдері. Жалақыдан ұсталымдар» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру эфирін өткізді. Эфир барысында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ Еңбек кодексінің негізгі нормалары қарастырылды. Қатысушыларға жалақыны төлеу тәртібі мен мерзімдеріне, сондай-ақ жалақыдан ұсталымдардың негіздері мен қағидаларына қатысты мәселелер түсіндірілді. Тыңдаушыларға жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері туралы толық ақпарат берілді. Осындай онлайн-іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы нормаларын түсіндіруге ықпал етеді.

    БейнеконференцияАяқталды

    Онлайн-эфир: Тәртіптік жазаларды қолдану туралы Еңбек кодексі нормаларын түсіндіру

    2026 жылдың 04 наурызында әлеуметтік желілерде тікелей онлайн-эфирлер өткізудің бекітілген кестесіне сәйкес, Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы А.Ж. Сайфулова халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Онлайн-эфир барысында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексінің «Тәртіптік жазаларды қолдану тәртібі» 65 бабы бойынша түсініктемелер берілді.

    БейнеконференцияАяқталды

    Онлайн-түсіндіру: жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру комиссиясы қалай құрылады

    2026 жылдың 27 ақпанда әлеуметтік желілерде тікелей онлайн-эфирлер өткізудің бекітілген кестесіне сәйкес, Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы С.Г. Калышев халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Онлайн-эфир барысында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексінің «Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияны құру тәртібі және оның құрамы» 188 бабы бойынша түсініктемелер берілді.

    БейнеконференцияАяқталды

    Еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша онлайн-эфир

    2026 жылдың 23 ақпанда әлеуметтік желілерде тікелей онлайн-эфирлер өткізудің бекітілген кестесіне сәйкес, Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы С.Г. Калышев халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Онлайн-эфир барысында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексінің «Қабылдаушы тараптың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері» 182-1-бабы бойынша түсініктемелер берілді.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.