
14 наурыз – Көрісу күні – Амал мерекесіне орай мерекелік мәдени-көпшілік шара өтеді.
Шара бағдарламасында:
Мерекелік концерт, ұлттық ойындар мен дәстүрлі сайыстар, тал отырғызу рәсімі мен «Бауырсақ» party ұйымдастырылады. Қала тұрғындары мерекенің атмосферасын сезініп, жаңару мен ізгілік айы кеңінен насихатталады.
Амал мерекесі – береке мен бірліктің, ізгі тілек пен ақжарма қауышудың нышаны. Айтулы күнге арналған бұл шарада ұлттық дәстүр дәріптеліп, көтеріңкі көңіл-күй сыйланады.