
Жаңақорған ауданы «Шаңырақ» аллеясында халқымыздың отбасылық құндылықтары мен мәдениеті, ұлттық салт-дәстүрі ұлықталады. Киіз үйлер тігіліп, ұлттық тағамдардан дайындалған арнайы дәм мен қолөнер шеберлерінің түрлі бұйымдары ұсынылады. Ақ жаулықты әжелер диірмен тартып, келі түйіп, ұршық иіріп, ұлттық ойындардан сайыстар өтеді. Бесікке салу, тұсаукесер рәсіміне куә болуға болады.
Аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылады.