
Бүгін департамент басшысының орынбасары Гүлмира Бауыржанқызы Ысқақова Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының, аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің өкілдерімен, мүгедектігі бар адамдар мәселелері бойынша өңір әкімдерінің кеңесшілерімен және мүгедектігі бар адамдарды міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектермен) тоқсан сайын қамтамасыз етуге көшу мәселесі бойынша кездесу өткізді. Кездесу барысында бюджет қаражатын тиімді және ұтымды пайдалану, сондай-ақ техникалық оңалту құралдарын жеткізушілер тарапынан алаяқтық схемаларды болдырмау мақсатында жылдықтан тоқсандық қамтамасыз етуге көшу себептері туралы түсініктемелер берілді.