
2026 жылғы 13 наурызда №2 Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы Иргибаева Дария Саматовнаның тарапынан №2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссиялардың төрағаларымен сырттай проактивті форматта куәландыруға жататын нозологиялар, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік сараптамаға ұсынылған медициналық құжаттама мәселелері бойынша Zoom форматында кеңес өткізілді.
Сырттай проактивті куәландыруға жататын нозологиялық нысандар тізбесі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ сырттай проактивті куәландыру кезінде жеке оңалту бағдарламасын қалыптастыру және сырттай проактивті форматта негізсіз және сапасыз жолданған жағдайларға талдау жүргізілді.Кеңес барысында медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз жолданған жағдайлар қаралды. Медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз жолданған жағдайлардың саны – 5.Кеңеске келесі аудандардың дәрігерлік-консультациялық комиссияларының төрағалары қатысты: Атбасар,Есіл, Жақсы,Зеренді , Бурабай Сандықтау, және Шортанды аудандары.