
2026 жылғы 4 наурызда №1 Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы Макишева Жамиля Аманбаевнаның тарапынан №1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссиялардың төрағаларымен сырттай проактивті форматта куәландыруға жататын нозологиялар, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік сараптамаға ұсынылған медициналық құжаттама мәселелері бойынша Zoom форматында кеңес өткізілді.
Сырттай проактивті куәландыруға жататын нозологиялық нысандар тізбесі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ сырттай проактивті куәландыру кезінде жеке оңалту бағдарламасын қалыптастыру және сырттай проактивті форматта негізсіз және сапасыз жолданған жағдайларға талдау жүргізілді.