
«Қош келдің-Әз наурыз» атты мерекелік іс-шара аясындағы кешкі ГАЛА КОНЦЕРТ - Ұлыстың ұлы күнін айшықтайтын думанды кеш. Гала концертте елімізге танымал өнерпаздар мен жергілікті шығармашылық ұжымдар сахна төріне шығып, ұлттық және заманауи ән-күйлерді, мың бұралған билерді тарту етеді.