
17 наурыз күні «Жеті қазына» атты әдеби-танымдық кеш өтеді. Іс-шара қазақ халқының рухани мұрасымен таныстыруға және «Жеті қазына» ұғымының терең мағынасын ашуға арналады.
Кеш барысында қатысушылар «Жеті қазынаның» тарихи және мәдени мәні туралы мағлұмат алып, әдеби үзінділерді, халық аңыз-әңгімелерін тыңдайды, сондай-ақ ғасырлар бойы халықтың дүниетанымы мен салт-дәстүрін қалыптастырған құндылықтар жөнінде ой бөліседі.
Іс-шараның мақсаты-студенттердің дүниетанымын кеңейту, ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыру, салт-дәстүрлер мен рухани құндылықтарға құрмет сезімін қалыптастыру.