
14 наурыз – Көрісу күні (Амал мерекесі) – қазақ халқының ежелден келе жатқан ізгі дәстүрі. Бұл күні адамдар бір-бірімен қол алысып, амандасып, «Бір жасыңмен!» деп ақ тілектерін арнайды.
Осыған орай, С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында оқушылар үшін «Көрісу – мейірім мерекесі» атты тақырыпта арнайы іс-шара өтеді. Балаларға дәстүрді таныстыру, қол алысып амандасу сәттері, әңгімелер мен ойындар арқылы мерекенің мәні жеткізіледі.