
Қазақ халқының ұлттық киімі – тарихымыз бен мәдениетіміздің ажырамас бөлігі. 18 наурыз «Ұлттық киім» күніне орай облыстық кітапханада «ДӘСТҮРДЕН — ДАРАҒА» ұлттық этно-fashion көрсетілімі өтеді. Ұлттық киім киген қыздар кітапхананың алдына мерекелік шеруге шығады. Шеруді жалғастырып, тұтынушылармен суретке түседі.
Әрбір ою-өрнек, әрбір түйме мен зергерлік бұйым белгілі бір мағынаға ие. Қазақы шапан, камзол, сәукеле, тақия, белбеу мен етік – халқымыздың өмір салты мен эстетикалық талғамын көрсетеді.