
21 наурыз – «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін!» - бұл күн – бір-бірімізге сыйластық танытып, татулық пен келісімді сақтайтын ерекше мереке. Ол түрлі ұлт пен мәдениет өкілдерін біріктіріп, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайтады.
Осыған орай, С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында оқушылар үшін «Ынтымақ және бірлік мерекесі» атты арнайы іс-шара өтеді. Балаларға бірліктің, сыйластықтың мағынасы ойындар, әңгімелер және шығармашылық шаралар арқылы жеткізіледі.