
Ақсу тарихи-өлкетану музейінде 18 наурыз күні сағат 11.00-де «Алтын құрақ – қол сәні» атты шеберлік сағат өтеді. Іс-шараның қонағы «Қазақ аналары дәстүрге жол» республиалық бірлестігінің мүшесі, «Көрпе-fest-2021» фестивалінің қатысушысы, шебер Қатпанова Рабиға бұл сабақта балаларға құрақтан жасайтын ұлттық бұйымдарымен таныстырып, шығармашылықтарын дамытады.
Мектеп жасындағы оқушыларға арналған бұл іс-шара олардың қол өнеріне деген сүйіспеншілігін оятып, ерекше естелік сыйлайды.