
18 наурызда сағат 11.00-де Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ұлттық киім – мәдениет көрінісі» атты этно-дефиле өтеді.
Іс-шара Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылып, ұлттық киім арқылы қазақ әйелдерінің өмірлік кезеңдері мен мәдени дәстүрлері көрсетіледі.
Дефиле барысында ұлттық киімнің тарихи, мәдени және эстетикалық мәні көпшілікке таныстырылады.