
20 наурыз күні сағат 11.00-де Ақсу тарихи-өлкетану музейінде «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» атты квест-ойын өткізіледі. Танымдық-ойын бағдарламасы жарыс элементтерімен, көрсетіліммен және қаладағы орта мектеп оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылады.
Іс-шара мектеп оқушыларына арналған және ұлттық ойындар арқылы қазақ халқының мәдени мұрасына қызығушылықты оятуға, дәстүрлерге деген құрметті арттыруға, патриоттық тәрбие беруге және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.