
Жас әзірлеушілерді ойын жасау хакатонына қатысуға шақырамыз — бұл өз идеяңды жүзеге асырып, командамен жұмыс істеп, нағыз геймдев әзірлеуші ретінде тәжірибе жинауға тамаша мүмкіндік.
👥 Қатысу форматы:
2–4 адамнан тұратын командалар.
🎯 Жас санаттары:
10–12 жас
13–14 жас
15–17 жас
🛠 Құралдарды еркін таңдау:
Кез келген платформалар мен ойын қозғалтқыштарын қолдануға болады — Unity, Godot, Scratch, Construct 3, GDevelop, PyGame, Unreal Engine, Roblox Studio және т.б.
Ойынның технологиясын, стилін және механикасын өздерің таңдайсыңдар.
Негізгі назар — креативті идеяға, ойластырылған логикаға және командалық жұмысқа аударылады.
Күні: 19–20 наурыз
Орны: Олжабай Батыр көшесі, 17/1