
16 наурыз күні Шымкент қаласында Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.
Бұл күні қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолөнер шеберлерінің көрмесі, ұлттық тағамдар көрмесі, сондай-ақ кітап көрмелері мен жәрмеңкесі ұсынылады. Шара барысында шығармашылық одақ өкілдерімен кездесу өткізіледі.
Мерекелік бағдарлама аясында сағат 11:00-де Концерттік- көрме орталығында «Жарапазан Fest» республикалық фестивалі ұйымдастырылады. Іс-шара ұлттық дәстүрлерді дәріптеу, халықтық өнерді насихаттау және қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлауға бағытталған.