
Құрметті Абай облысының тұрғындары!
Сіздерді «Семей көктем» фестивалінің салтанатты ашылуына шақырамыз!
Іс-шара аясында көктемнің шуақты мерекелерінің бірі — адамдардың қауышуын, сыйластық пен бірлікті білдіретін Көрісу күніне арналған мерекелік концерт өтеді.
Бағдарламада: өнерпаздардың жарқын өнер көрсетуі, мерекелік атмосфера және қала тұрғындары мен қонақтарына арналған көтеріңкі көңіл күй.
Күні: 14 наурыз
Өтетін орны: Семей қаласы, Қарағайлы шағын ауданының саябағы
Туыс-жақындарыңызбен және достарыңызбен бірге келіп, көктемді бірге қарсы алып, мерекелік көңіл күйді бірге бөлісіңіздер!