
Құрметті Абай облысының тұрғындары!
Сіздерді «Амал келді, жыл келді» атты театрландырылған көрініске шақырамыз.
Іс-шара Көрісу күні – Амал мерекесіне орай ұйымдастырылып, қазақ халқының салт-дәстүрі мен көктемнің келуін бейнелейтін әсерлі сахналық көріністер ұсынылады.
Күні: 14 наурыз
Өтетін орны: Жаңасемей ауданы, Мұқыр ауылы, Прииртыш ауылдық клубы
Баршаңызды мерекелік шараға қатысып, ұлттық дәстүрімізді бірге тамашалауға шақырамыз!