
«Наурызнама» тұжырымдамасына сәйкес 14 наурыз күні Шұбарқұдық кентіндегі орталық алаңда Н.Байғанин атындағы аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Амал келді, жыл келді» мерекелік шарасы өткізіледі.
Наурыз мейрамы – елдік пен бірліктің, жарқын жасампаздықтың мерекесі. Мерекелік шара барысында аудан тұрғындарына қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары туралы мағлұмат беріліп, көрісу ұйымдастырылып, концерттік нөмірлер ұсынылады.