
Құрметті Абай облысының тұрғындары!
Сіздерді Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күніне арналған іс-шараға шақырамыз!
Бағдарламада: ұлттық қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі және шағын концерттік бағдарлама. Бұл шара қазақтың мәдени мұрасын танып-білуге, өнерпаздардың өнерін тамашалауға және мерекелік көңіл күй сыйлауға арналған.
Күні: 16 наурыз
Өтетін орны: Семей қаласы, «Asima» сауда орталығы
Келіңіздер, ұлттық дәстүрлерімізді бірге тойлап, көктемнің шуақты мерекесін қарсы алайық!