
13–23 наурыз аралығында Балқаш қаласында Наурыз мейрамына орай «Наурыз – базарлық» онкүндігі өтеді. Бұл күндері қаладағы сауда үйлері мен дүкендерде жаппай сатылымдар ұйымдастырылып, түрлі тауарларға мерекелік жеңілдіктер ұсынылады.
Сонымен қатар, ойын-сауық орталықтарында келушілерге арналған арнайы акциялар мен жеңілдіктер қарастырылған. Отбасылар мен жастар үшін демалыс орындарында қолайлы ұсыныстар жасалып, мерекелік көңіл күй қалыптастыруға жағдай жасалады.
Бұдан бөлек, қаладағы фитнес орталықтары мен спорт залдарында да абонементтерге жеңілдіктер ұсынылып, тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыратын арнайы ұсыныстар ұйымдастырылады.
«Наурыз – базарық» онкүндігі қала тұрғындары мен қонақтарына тиімді сауда жасап, мерекелік көңіл күй сыйлауға бағытталған.