
Балқаш қаласында «Жастар» скверінде 3 мультимедиялық киіз үй тігіледі.
Киіз үйлерде 3D форматта Наурызнаманың тарихы мен салт-дәстүрлері, сондай-ақ қаламызда туризмді дамытуға арналған ақпараттық материалдар көрсетіледі. Іс-шараның мақсаты – тұрғындар мен қала қонақтарына ұлттық мәдениет пен дәстүрді таныту, Наурыз мейрамының мәнін насихаттау және қалалық туризмді ілгерілету.
Қала тұрғындары мен туристер бұл киіз үйлер арқылы мерекелік атмосфераны сезініп, интерактивті ақпаратпен танысуға мүмкіндік алады