
Сағат 10:00-ден бастап Балқаш қаласында ұлттық киім үлгісін насихаттауға арналған фестиваль және челлендж өтеді.
Іс-шара барысында қатысушылар дәстүрлі ұлттық киімдерді таныстырып, олардың ерекшеліктері мен мән-маңызын көрсетуге мүмкіндік алады. Фестиваль мен челлендж жастар мен қала тұрғындары арасында ұлттық мәдениетке қызығушылықты арттыру, дәстүрлі киім мәдениетін дәріптеу және мерекелік көңіл-күй қалыптастыруға бағытталған.
Қала тұрғындары мен қатысушылар бұл шара арқылы ұлттық киімдерді насихаттап, шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік алады