
Балқаш қаласының көпсалалы ауруханасында перзентханада жаңа туған нәрестелердің аналарын Наурыз мерекесімен құттықтау шарасы ұйымдастырылады.
Шара барысында аналарға мерекелік тілектер айтылып, «Наурыз сыйы» ретінде арнайы сыйлықтар табысталады. Іс-шараның мақсаты – жаңа аналарды қолдау, мерекелік көңіл-күй сыйлау және отбасы мен өмірдің қуанышын бірге атап өту.