
20 наурыз сағат 11-00 де Ботақара кенті Спорт кешенінде «Шымырлық пен шеберлік күні» аясында жоғары сынып оқушылары арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізіледі. Іс-шара барысында оқушылар Тоғызқұмалақ, Садақ ату және Асық ату ұлттық ойындары бойынша өзара бақ сынайды.
Жарыстың мақсаты – ұлттық ойындарды дәріптеу, жастардың спортқа қызығушылығын арттыру және олардың шымырлығы мен шеберлігін дамыту. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталатын болады.