
20 наурыз сағат 15-00 де Ұлттық спорт түрлерін насихаттау, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және ұлттық дәстүрлерді дәріптеу мақсатында ФОК ғимаратында Тоғызқұмалақ және Асық ату ұлттық ойындары бойынша аудандық жарыстар өткізу жоспарлануда.
Жарысқа ауданның мектеп оқушылары, жастар және спортқа қызығушылық танытқан тұрғындар қатысады. Қатысушылар белгіленген ережелер бойынша өзара бақ сынап, ұлттық ойындардағышеберліктерін көрсетеді.
Баршаңызды ұлттық спортты қолдауға және мерекелік іс-шараға қатысуға шақырамыз!
Келіңіздер, сіздердікүтеміз!