
Наурыз мейрамы – 2026 мерекесі аясында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған мерекелік ертеңгілік ұйымдастырылады. Іс-шара барысында балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы, музыкалық нөмірлер мен қызықты ойындар ұсынылады. Мерекелік шараның мақсаты – балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, мерекелік атмосфера қалыптастыру және олардың қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету.