
23 наурыз — Тазару күніне орай «Таза қала — таза ниет» атты эко-челлендж ұйымдастырылады. Іс-шара аясында қала жастары қала аумағын тазарту жұмыстарына қатысып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосады.
Шара барысында қаланың белгілі бір аумақтарында тазалық жұмыстары жүргізіліп, кейін қатысушыларға арналған шағын концерттік бағдарлама ұсынылады. Мақсаты — экологиялық мәдениетті қалыптастыру, жастарды қоғамдық жұмыстарға тарту және қаланың тазалығын сақтауға шақыру.