
20 наурыз – «Ұлттық спорт күніне» орай Атшабар ауылында сағат 10:00-де теңге ілу, аударыспақ, қыз қуу, асық ату, қазақша күрес, тоғызқұмалақ сияқты ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, мерекелік іс-шара өткізіледі.
Қатысушылар мен көрермендерге ұлттық ойындардың мән-маңызы насихатталып, жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталады.