
Ұлттық мерекелік іс-шара аясында «Дәстүрлі қазақ ойындары» өтеді. Қатысушылар асық ату, арқан тартыс сияқты спорт түрлерінде бақ сынап, ұлттық ойындар арқылы мерекелік көңіл-күй алады. Шараның мақсаты – дәстүрлі қазақ ойындарын дәріптеу, ұлттық мәдениетті насихаттау және қатысушыларға қызықты әрі белсенді уақыт өткізуге мүмкіндік беру.