
19 наурыз күні сағат 11.00-де мектептерде, мектептен тыс ұйымдарда және колледждерде домбыраның күмбірлеген үні естіледі. Таңдау бойынша бір уақытта халық күйі «Тепеңкөк»; Н. Тілендиевтің «Әлқисса»; Ә. Желдібаевтың «Ерке сылқым»; Д. Шығайұлының «Көроғлы»; Байжігіттің «Көксерке» және т.б. күйлері орындалады. Ұзақтығы – 10 минут.
Баршаңызды домбыра тарту Акциясына шақырамыз! Келіңіздер, сіздерді күтеміз!