
16 наурыз күні Теміржолшылар мәдениет үйінде бәйшешек гүлінің құндылығын арттыру, ұлттық мәдениетке байланыстыру және жаңғырту мақсатында, «Жеті қазынам» атты шеберлік сабағы өтеді. Шеберлік сабағына қатысушылар көктемнің символы — бәйшешекті жасауды үйреніп, ұлттық қолөнер дәстүрлерімен танысады. Мерекелік іс-шараға 100 адам қатысуға мүмкіндік алады, және әр қатысушы өз қолымен жасаған гүл арқылы ұлттық өнерді дәріптеуге атсалысады.